423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында мұнай компаниясы жаңа жедел жәрдем көліктерін тарту етті

  • 156
  • UPD: 05:14, 03.11.2020

Атырау облысындағы емдеу мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерімен толықты. «КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫ» Акционерлік қоғамы «УАЗ» маркалы 12 темір тұлпарды сыйға тартты. Елді жайлаған қауіпті індет кезінде компания осылайша қол ұшын созуды жөн санаған. 

Мұнайлы өңірде енді жедел жәрдем қызметі жеңілдейді. «Каспий құбыр консорциумы» АҚ-ның облыстағы медициналық мекемелерге табыстаған 12 темір тұлпары - жол талғамайтын «УАЗ» автокөлігі. Әрқайсысының құны 12 мың АҚШ доллары тұратын бұл көліктер елдегі денсаулық сақтау саласындағы қызмет сапасын жақсартуға сеп болмақ.

Қайыргелді Қабылдин, «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ Бас директорының орынбасары: 

- Әлеуметтікті көтеруге облыстағы бағдарламаға 3 млн астам доллар қаржы бөледі. Соның ішінде бүгінгі осы сыйлығымыз мына пандемия дейді, коронавирус дейді вирустың арасында мен ойлаймын ауылға керек машиналар мезгілінде көмек көрсетуге, жолдары жоқ ауылдарға жететін деп, біз  сондай жобаны орындап жатырмыз. 

Мұнайлы өңірде қазір 52 жедел жәрдем көлігі бар. Бұған дейін 22 темір тұлпар алыныпты. Ал бүгінгі 12 автокөліктің 10-ы аудандарға жіберіледі. Қатынау қиындық тудыратын елді мекендер үшін бұл қуанышты жаңалық болды. 

Бауыржан Төлеген, облыстық жедел жәрдем станциясының директоры:

- Қазіргі таңда КТК ұжымына көп рақмет. Себебі мына автокөліктер өздеріңізге белгілі, біздің елді мекендерімізде құмды өлкелеріміз бар. Сол құмды өлкелерге таптырмас автокөлік болып табылады. Себебі беріліп жатқан Хёндэ, JAC автокөліктері құмда жүре алмайтын болғандықтан  осы автокөліктер өте жақсы ыңғайын тигізеді. 

Жыл соңына дейін облыстағы емдеу мекемелері тағы да 18 автокөлікпен толығады. Жаңа жедел жәрдем көліктерінің қатары көбейген сайын діттеген жерге жедел жетуге де мүмкіндік артады. Қауіпті індет қыспаққа алатын болса, бұл халыққа үлкен баға жетпес көмек болмақ.

Хабар 24 телеарнасы