423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада нашақорлар саяжайды торуылдап жүр. Полиция жәйбарақат

  • 130
  • UPD: 05:03, 03.11.2020

Елордадағы саяжай тұрғындары далаға шығудан қалды. Өйткені күні-түні көшені нашақорлар торуылдайды деп сескенеді. Тіпті жеке үйлердің ауласына кіруден тайынбайтындар бар дегенді де айтады. Ал полиция жағдай тұрақты деп жайбарақат.

- Отсюда начиная..

«Западный» саяжайлар қауымдастығы тұрғындарының мазасы қашқанына 3 ай болды. Төңіректе нашақорлар қаптап кеткен деседі. Басында көпшілік көзіне түспеуге тырысқан бәзбіреулер қазір үйлердің ауласына жақындай бастаған. Сондағысы есірткі тектес заттарды іздейді. Тауып та жатады. Олжасын ала сала пайдаланатын сияқты. Оны мынадай шашылып жатқан изоленталар растайды. 

Айша Жұбанышева, саяжай тұрғыны:

- Западный деген саяжай мынау. Осы арада міне наркоман деген үйіміздің арасында толы. Күніге, жұма күндері қаптап алады. Балалардан қорқамыз. Түнгі 11-12-ге дейін жүреді. Сол үшін бәрін шақырып жатырмыз. Милицияларға да неше рет айтқанбыз. Ешкім қолға алып жатқан жоқ. Группа шулайды. Біреулер тығады, соны келіп сатып алады ма? Тіпті шарбағымыздың іргелерін қазады келіп. 

Балалары үшін алаңдайтын жұрт қайда барарын білмей дал. Ал әлгі «нашақор» дегендері жергілікті жұрттан сескенбейді де. Далада жүрген саяжайлықтарды «үйіңе кір» деп қорқытады. Тәртіп сақшыларынан қайыр болмай тұр. Сондықтан тұрғындар бұзақыларды өздері тәрбиелеуге тырысқан. 

Розалина Қақажанова, саяжай тұрғыны:

- Күнде біздің балалар қуады, жас жігіттер. Кеше қуып еді, олардың бәрін милиция алып кетті. Мына саяжайда жүру қорқынышты. 

- Наркомандар күні-түні жүреді осы жерде. Олардың ойында не бар екенін қайдан білеміз біз. 

Саяжайлар «Көктал 1» тұрғын алабына қарайды. Елді мекен көшелерінде жарық жоқ. Бұл да жығылғанға жұдырық болып тұр. Үрейі қашқан халықтың жайын қалалық полиция департаментінен сұрадық. Естіген жауабымыз «Жағдай тұрақты». 

Сергей Ильиных, ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы:

- Елордадағы жағдайды бақылап отырмыз. Есірткі заттарды заңсыз тарату бойынша қала аумағында жедел іздестіру шараларын өткізіп отырамыз. Жыл басынан бері осындай 130 дерек тіркелді. 29 тұлғаға қарсы қылмыстық іс қозғалып, 200 келідей есірткі заттар тәркіленді. 

Айтпақшы, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында 25 қызметкер бар. Мегаполис үшін бұл жеткіліксіз. Бұған дейін Сенат депутаты Андрей Лукин саладағы түйткілдерді көтеріп, үкіметке депутаттық сауал жолдаған болатын. Жауапта елде мәселе кешенді түрде шешіліп жатқаны айтылған. Бірақ бүгінгі мысал жағдайдың тұрақты екеніне күмән келтіретіні рас. Біз назарда ұстаймыз. 

Авторлар: Мерей Мұратханқызы, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы