422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жұрттың ет жүрегін елжіреткен әйгілі жапон итінің хикаясы Қарағандыда қайталанды

  • 423
  • UPD: 05:08, 03.11.2020

Қарағандылық «Хатико». Бүкіл әлем жұртының ет жүрегін елжіреткен әйгілі жапон итінің хикаясы Қарағандыда да қайталанды. Тек бұл жолғы оқиға сәл өзгерек. Иттің иесі істі болып түрмеге түскен. Осыдан кейін қараусыз қалған ит - тергеу изоляторы маңын торуылдаумен болған. Ақыры түрме қызметкерлері оны кинологиялық қызметке пайдалануды ұйғарыпты.

Қазір ғой ол, Верта қайтадан ерке қылықтарын таныта бастады. О баста жүні жығылып, жанарына мұң орнаған ит өзінің досы әрі қожайынын іздеп түрме маңын тіміскілеумен болған. Тіпті жүдеп, күйі күн санап нашарлапты. Осындағы кинологтар сан мәрте қуса да қайта келіп алған иттің адалдығына сүйсініп, өз қатарына қабылдайды.

Жәнібек Кәртай, кинолог: 

- Ең бастысы күзет сосын ізге саламыз. Наркотик іздеуге үйретеміз. Сол бізге бастысы. Иісшіл ит. Жас шамасы 1,5 жылдық, жас әлі. Ең бастысы шыдамдылық керек. Итке де бізге де. Мына итте шыдамдылығы бар.

Тергеу изоляторында 4 кинолог бар. Олар иттің мінезін бақылап, қандай қызметке бейім екенін анықтайды. Мысалға осында күзет қызметі, қашқан адамды иісі арқылы іздеу, есірткі заттарын табу сынды бағыттар бар. Вертаны да іске жұмылдырмас бұрын алдымен  төрт аяқтыны ресми балансқа алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Есімжан Байтасов, тергеу изоляторы басшысының орынбасары:

- Қазір құжаттарын рәсімдеп жатырмыз. Бәрі дұрыс болса ҚАЖД арқылы өз балансымызға аламыз.  Кинологтар қазірше өз есебінен барлық егу жұмыстарын жүргізді. Асханадан артық қалған тамақпен тамақтандырып жатырмыз. Бастысы айтқанға көнеді. Мұндай ит біздің жүйеге таптырмас көмекші.  

Жалпы тергеу изоляторында 11 ит бар. Олар территорияны периметрлік тұрғыда күзетеді. Себебі түрме маңына тыйым салған заттарды лақтырып кететін заңсыз әрекеттер жиі кезедседі екен.

Авторлар: Дәуренбек Бақдәулет, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы