423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-дағы Жұлдыз ауылында мектеп апатты жағдайда тұр

  • 128
  • UPD: 08:25, 03.11.2020
БҚО-дағы Жұлдыз ауылында мектеп апатты жағдайда тұр

Нысан 30 жыл бұрын салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Содан бері жібі түзу жөндеу көрмеген. Қазір ғимаратта 97 оқушы білім алады. Мектепалды даярлық сыныбы мен шағын орталықта тағы 30 шақты жеткіншек бар. Нысанның сұрқы үрей туғызады. Қабырғасы қақырап тұр. Есік-терезелері мен едені әбден тозған. Мектеп апатты деп танылғанына біраз жыл болса да, әлі күнге мәселе шешілмей келеді. Жобалық-сметалық құжаттар әлдеқашан дайындалған. Елді мекенге жаңа білім ордасын салуға шамамен 500 млн теңгедей қажет. Алайда бюджеттен қаражат бөлінбей келеді.

Хабар 24 телеарнасы