422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар өңірінде эпидемиологиялық ахуал нашарлады

  • 152
  • UPD: 10:06, 03.11.2020
Еліміздің бірқатар өңірінде эпидемиологиялық ахуал нашарлады

Елімізде корорнавирус жұқтырғандардың қатары қайта өсіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек өткен тәулікте тағы 449 адамнан коронавирус анықталды. Оның 226-сы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Қауіпті дерт осы аймақта әсіресе дендеп барады. Жергілікті билік шектеу шараларын күшейтті. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстарында да эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде нашарлап барады. Жалпы ел бойынша науқастар саны 112 мыңнан асып кетті.

Хабар 24 телеарнасы