420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында ер адамнан жарты келіден астам марихуана табылды

  • 141
  • UPD: 10:52, 03.11.2020
Түркістан облысында ер адамнан жарты келіден астам марихуана табылды ASTV

Түркістан облысында полицейлер ер адамнан жарты килограммнан астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның есірткіні үлкен мөлшерде сақтайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түлкібас АПБ-нің полицейлерімен бірлесіп, бұрын сотталған күдіктіні ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер ұсталған адамнан құрамында өсімдік тектес есірткісі бар полиэтилен пакетін тауып алып, тәркіледі.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 600 грамнан асатын марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта.

Полицейлер істің барлық мән-жайын және ер адамның өзімен бірге үлкен мөлшердегі есірткіні не үшін алып жүргенін анықтауда.

Бұған дейін Түркістан облысында 100 келіден астам марихуана тәркіленгенін хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы