420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 15 мыңнан астам су гидранты тозған

  • 115
Қазақстанда 15 мыңнан астам су гидранты тозған

Елдегі 400-ден астам жылу және энергиямен қамтушы нысанды тексере келе, 45-інде өрт қауіпсіздігінің ережелері бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

387 нысандағы қазандықтарды жөндеу мәселесі әлі шешілмеген. Сонымен бірге республикадағы өрт сөндіру кезінде қолданылатын 15 737 су гидранты істен шыққан. Әсіресе, тозған гидранттар Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында көп тіркелген. Үкімет отырысында мәлім болғандай, екі жылда төтенше жағдай қызметінің техникасын жаңартуға 31 млрд-тан астам қаржы қарастырылған. Дегенмен Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Батыс Қазақстанда материалдық-техниканы жаңғыртуға қаржыландыру әлі де жеткіліксіз.

Хабар 24 телеарнасы