424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда заңсыз тұрғын үй құрылыстары тексеріле бастады

  • 102
  • UPD: 15:14, 03.11.2020
Ақтауда заңсыз тұрғын үй құрылыстары тексеріле бастады

Ақтауда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарын тексеретін мониторинг тобы жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аз уақыттың ішінде үш бірдей кешеннің құрылысты рұқсатсыз жүргізгендігі анықталды. «Самғау», «Гаухартас» және «Махаббат» кешендері жобаға сәйкес келмейді. Бірі кеңсе ғимараттары үшін, енді бірі автотұрақ орнына тұрғын үй салған. Онымен қоса үлескерлер тартып, жүздеген адамнан алдын ала қаржы жинап алған. Бір компания тіпті бір пәтерді бірнеше адамға сатқан екен. Қазір мердігер компанияларға алданғандар не баспана жоқ, не ақша жоқ, сан соғып қалып отыр. Заң талаптарын орындамаған жауапсыз компаниялар үстінен арыз түсірілмек. Ақтау қаласының әкімі үлескерлерге құрылысы бітпеген үйлерге ақша салмауды, оның заңды, заңсыз салынып жатқанын алдын ала әкімдіктен анықтап алуды ескертті.

Нұрдәулет Қилыбай, қала әкімі:

– Біздер әкімшілік бей-жай қалмаймыз, бұл мәселеге араласатын боламыз. Бұл қазір облыс әкімінің қадағалауында тұр. Заң аясында олардың барлығы тексеріліп жатыр. Біз өз тарапымыздан қарап отырмай мониторингтік топтар құрдық. Оның бәрін біз тексеретін боламыз. Егер заңсыз құрылыс жүріп жатса, болашақта оның бәрін тоқтатамыз. Егер жай ескертуге тоқтатпаса, басқаша шара қабылдаймыз. Осыған өздері мәжбүрлеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы