423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да волонтер дәрігерлер жасағы құрылады

  • 101
СҚО-да волонтер дәрігерлер жасағы құрылады

Медициналық білім беру мекемелерінің студенттері қазір арнайы курстардан өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан соң болашақ фельдшерлер білімдерін тәжірибеде шыңдау үшін ауруханаларға жіберіледі. Кейін коронавирус індетіне қарсы күреске де жұмылдыруы мүмкін. Себебі өңірде кадр тапшылығы бар. Нақтырақ айтсақ, облысқа 200-ден астам маман қажет. Жалпы өңірде 920 төсек-орын жасақталған. Оның 39 проценті қазір толы. Мамандардың айтуынша 10 науқастың жағдайы ауыр. Өткен тәулікте солтүстікте 34 адам ковид-19 инфекциясын жұқтырған.

Еркебұлан Баязитов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

– Кадрлық тапшылық бар. Екінші, үшінші жылдағы резиденттерді тарту жоспарланып отыр. 50-ден астам резидент тартылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ ведомстводан тыс 40 медициналық қызметтер тартылады деп ойлаймыз. Соның ішінде 20-ы дәрігер, 20-ы орта буынды қызметкерлер.

Хабар 24 телеарнасы