422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО індетке байланысты қызыл аймақ қатарына енді

  • 156
  • UPD: 19:37, 03.11.2020
ШҚО індетке байланысты қызыл аймақ қатарына енді

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус қарқын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан бүгіннен бастап облыс қызыл аймаққа енді. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 100 мың тұрғынға шаққанда науқастар саны 55 адамнан асса, қызыл аймақ ережесі енгізілетінін хабарлаған. Ал шығыста соңғы 10 тәулікте күн сайын 200-ден аса адам қауіпті індет жұқтырып келгені анықталады.

Соңғы тәулікте 226 жаңа дерек тіркелді. Бұл науқастардың барлығында ПТР-тесттері вирус белгілерін көрсеткен. Қазір Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Алтай, Ұлан және Глубокое аудандарында індет жұқтыру көбейген. Осы жағдайға байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Қоғамдық орындар мен сауда-саттық орталықтарында қосымша рейдттер өтеді.

Талғат Тұңғышбаев, облыстың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің м. а.:

– Осылайша  науқастар саны тіркеліп, облыс вирус таралу қарқыны бойынша қызыл аймаққа кірді. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Құрамына құзырлы орган және қоғам өкілдері енген топтар жаңартылған жұмыс кестесімен қызмет етуде.

Хабар 24 телеарнасы