422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыстағы теміржол бекеттерінен отырғызу тоқтады

  • 130
  • UPD: 19:36, 03.11.2020
Шығыстағы теміржол бекеттерінен отырғызу тоқтады

2 қарашадан бастап Павлодар – Алматы-2 бағытындағы жолаушыларды пойызға отырғызу тәртібі өзгерді.

Дегелең, Семей, Жаңа Семей, Шар, Жаңғыз-Төбе, Жарма, Үшбиік, Аягөз және Ақтоғай стансаларынан жолаушылар қабылданбайды. Бұл бағыттағы теміржол билеттерін сату уақытша тоқтатылады. Пойызға билетті ертерек сатып алған жолаушылар құжатты кері тапсырып, ақшасын толық қайтара алады.

Алматы 2 – Өскемен 1 және Нұр-Сұлтан – Өскемен 1 бағытындағы пойыздардың жүру жиілігі сирейді. Сапарға шығар алдында барлық жолаушы ПТР-тест тапсыруы тиіс. Оның нәтижесі үш күннен аспауы шарт. Қолда анықтамасы жоқтар жолға шыға алмайды.

Талғат Тұңғышбаев, облыстың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің м.а.:

– Күннің екінші жартысында кешелі бері кезек азайды. 4 жаңа талдау пункті ашылды. Оның екеуі Семейде, екеуі Өскеменде. Естеріңізге сала кетейін, облыста жалпы қуаттылығы тәулігіне 7 мың зерттеу таңбаларымен жұмыс істей алатын 10 зертхана қызметін үздіксіз атқаруда. Бұл жүктеме облыс аумағына артығымен жеткілікті деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы