423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетау қаласына блокбекеттер қойылады

  • 141
  • UPD: 19:36, 03.11.2020
Көкшетау қаласына блокбекеттер қойылады

Ақмола облысы да карантин талаптарын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

7 қарашадан бастап Көкшетау қаласының айналасына санитарлық бекеттер қойылады.

«Шаһарда коронавирусқа шалдыққандар соңғы бір аптада 3,5 есеге көбейіп кеткен. Сондықтан осындай қадамға бардық», – дейді аймақтың бас санитар дәрігері.

Көкшетауға қойылатын 6 бекетте бір медицина қызметкері мен бірнеше полицей қызмет атқарады. Олар қалаға кіріп-шыққан әрбір адамның дене қызуын өлшеп, анкеталық мәліметтерін алады. Сондай-ақ коронавирустың арнайы деректер базасы арқылы жолаушының осы вируспен ауырғаны немесе науқаспен байланыста болғаны жайлы ақпаратты анықтайды. Облыс көлемінде де сақтық шаралары күшейтіледі. 

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

– Барлық елді мекеннің тұрғындарына кешкі сағат 21:00-ден бастап таңғы 6:00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салынады. Қоғамдық тамақтану орындары кешкі 19:00-ге дейін ғана жұмыс істеуі тиіс. Ал аталмыш орындар демалыс күндері жабылады. Сауда орындары да сенбі-жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Ал шаштараздар жексенбі күні жабық болады. Қоғамдық көліктер де демалыс күндері жүрмейді.

Хабар 24 телеарнасы