422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысына 185 дәрігер жетіспейді

  • 113
  • UPD: 19:35, 03.11.2020
Атырау облысына 185 дәрігер жетіспейді

Атырау облысында дәрігер тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстың денсаулық сақтау саласында 185 маман жетіспейді. Әсіресе ауылдық жерлерде дәрігер тапшылығы өткір тұр. Қазір өңірде коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Жазда жұқпалы індет жаппай тарағанда мұнайлы өңірде көптеген кемшіліктің беті ашылды. Бұл жолы жаңадан медициналық қондырғылар сатып алынды. Аймақтың денсаулық сақтау саласы 256 өкпені желдету аппараты, 11 компьютерлік томография секілді қажетті қондырғылармен қамтылды. Атырау қаласында озық технологиямен жабдықталған 200 орындық аурухананың құрылысы да аяқталып келеді. Мұндай емдеу орындары Жылыой, Құрманғазы аудандарында да пайдалануға берілді.

Асқан Байдуәлиев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.:

– Бізге жетіспейтіндері: акушер-гинекологтар, неонатологтар, анестезиолог-реаниматологтар және инфекционистер. Бұл мәселе жылдан-жылға шешіліп келе жатыр. Әкімнің грантымен 150-ден астам маман оқып жатыр. Биыл 93 жас маман келді. Олар аудандық,  қалалық ауруханалар мен емханаларда қызмет етуде.

Хабар 24 телеарнасы