424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да ауыл әкімі той ұйымдастырғаны үшін жұмысынан босатылады

  • 204
БҚО-да ауыл әкімі той ұйымдастырғаны үшін жұмысынан босатылады

Батыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу шараларын елемеген ауыл әкіміне айыппұл салынды.

Ақжайық ауданына қарасты Ақжол ауылдық округінің әкімі ұлының үйлену тойын өткізіп жатқан сәті әлеуметтік желіге тараған еді. Карантин талабының бұзылуын мониторингтік топ өкілдері анықтаған болатын. Ауыл әкімінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны облыстық жедел штаб отырысында мәлім болды.

Берік Батаев, облыс әкімі аппаратының басшысы:

– Бұл бойынша тексеріс жүргізілді. Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісов ағымдағы жылдың 9 қазанынан бастап 9 қарашаға дейін еңбек демалысында. Еңбек демалысы 9 қарашада бітеді. Бірақ Ақжол ауылдық округі әкімі лауазымдық мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылады. Сонымен қатар Өтемісовке карантиндік шектеу шараларын  бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды. Көлемі: 41 670 теңге.

Хабар 24 телеарнасы