423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасынан «Көкжал 2» телехикаясы көрерменге жол тартты

  • 165
«Хабар» арнасынан «Көкжал 2» телехикаясы көрерменге жол тартты

«Хабар» Агенттігі ұсынған «Көкжал» телехикаясы көрерменмен қайта қауышты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Киносүйер қауымның көңілінен шыққан драма жаңа маусымда қызықты бола түседі. Оқиға желісі араға үш жыл салып өрбиді. Ербол елордада белгілі жаттықтырушыдан тәлім алады. Есіл-дерті алда өтетін жарыста. Алайда бар гәп туған қаласына барғанда басталады. Қайын ағасы Ілияс мерзімінен бұрын түрмеден босап шыққан. Оған қоса досы Мұратқа көмектесемін деп Ерболдың басына қара бұлт үйіріледі. Кейіпкеріміз қиындықты жеңіп шыға ала ма? Оны білу үшін сейсенбі-жұма күндері 22:20-да «Хабар» арнасынан «Көкжал 2» телехикаясын көріңіздер.

Асылбек Досжанов, жобаның бас продюсері:

– «Көкжал» телехикаясының негізгі аудиториясы – ер адамдар. Жастар осы телехикаяны көріп, өнеге алғанын қалаймыз. Осы туынды арқылы жастарды спортқа бейімдеуді көздейміз. Спортпен шұғылданған адамның дені сау және ойы ұшқыр болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы