422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада істі болғандар қоғамдық жұмысқа тартылды

  • 104
  • UPD: 22:28, 03.11.2020

Елімізде 6 мыңнан аса адамға қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған,

Бірақ айыбын еңбекпен өтеп жатқандар жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілмейді. Мемлекет басшысы жақында өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген отырысында осылай деген еді. Аталған сыннан кейін елордадағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері арнайы шара ұйымдастырды. Тілшілер қауымы істі болғандардың қалай жұмыс істеп жатқанын көріп қайтты.

«Отан қорғаушылар» саябағын тазалап жүрген Мерей Абдуллин есірткі сақтағаны үшін істі болыпты. Оған 25 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы кесілген. Айыбын еңбекпен өтеп жүрген ол енді заң бұзбайтынын айтады.

Мерей Абдуллин, қала тұрғыны:

– Өз ісіме өкінемін. Қазір осы жұмыстарды істеп жатырмын. Ол үшін ұялмаймын. Қаланы көркейтуге біздің жұмысымыз пайдалы деп санаймын.

Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық атқару жүйесінің пробация қызметінде 2,5 мыңнан аса адам тіркеуде тұр. Солардың 200-ден астамы көпшілік мәдени орындарды тазалауға тартылған. Олар: есірткі сақтағандар, ішімдік ішкендер немесе ұсақ бұзақылық жасағандар. 

Ернат Ақылжанов, қалалық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:

– Әр адам соттың шешімімен осындай жазаға тартылғандар 4 сағат жұмыс істейді. 4 сағат жұмыс істейтіндері – тұрақты жұмысы бар, оқитын адамдар. Егер қолдары бос болатын болса, 8 сағатқа дейін жұмыс жасайды. Жұмысы тегін. Олар негізі көше тазалайды, безендіреді, қыста қар тазалау жұмыстарына тартылады. 

Бас бостандығын шектеудің баламасы ретінде енгізілген қоғамдық жұмысқа тарту жазасына бағынбайтындар да кездеседі. Мәселен, сала мамандарының айтуынша, осыған дейін 4 адам көше тазалаудан бас тартып, тәртіп бұзғаны үшін қамауға алыныпты.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Аян Сәрсенбаев

Хабар 24 телеарнасы