425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда 9 қарашадан бастап карантин талаптары күшейеді

  • 148
Петропавлда 9 қарашадан бастап карантин талаптары күшейеді

9 қарашадан бастап Петропавл қаласында қайтадан блокбекеттер орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн сайын науқастар саны 10-нан асқан елді мекендерге де кіріп-шығуға қатаң тыйым салынады. Алматы – Петропавл бағытындағы пойыз аптасына тек үш рет қатынайды. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жергілікті билік өкілдеріне осындай тапсырмалар жүктеді.

Себебі эпидемиологиялық ахуал өңірде уақыт өткен сайын күрделеніп барады. Аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда үйлерінің жұмыс уақыты сағат кешкі 21:00-ге дейін қысқартылады. Демалыс күндері азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары мен спорт нысандары жабылады. COVID-19 індетін жұқтырғандар саны өткен аймен салыстырғанда 4,7 есе өскен. Сапар барысында Ералы Тоғжанов 200 орындық жаңа модульдік инфекциялық аурухананың ашылу рәсіміне қатысты.

Хабар 24 телеарнасы