423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада сынап құйылған электр лампаларының қалдықтары тазаланбайды

  • 114
  • UPD: 12:54, 04.11.2020

Елордада сынапты шамдар мен батареяларға арналған 500-ден астам жәшік орнатылған. Құрамында аса зиянды металдары бар заттарды салатын контейнерлер уақтылы тазалана ма? Тұрғындар пікірі қандай?

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Сарыкеңгір көшесіндегі сынапты бұйымдарға арналған мына контейнердің сыры кете бастаған. Тот басқан жәшіктің екі ұяшығына ғана батареялар мен шамдар салынған екен. Соған қарағанда тұрғындар көп қолданбайтын сияқты. 

Ал қаланың солтүстік бөлігіндегі ықшам аудандардың бірінде тұрған жәшік аузы-мұрнына дейін толып кеткен. Тіпті зиянды қалдықтардың біразы сыртында жатыр. Тұрғындардың өзі оның қашан тазаланғанын білмейді. 

БЛИЦ:

- Мынаны тазалап жатқанын көрдіңіз ба?

- Жоқ көрген жоқпын.

- Өздеріңіз бұйымдарыңызды саласыздар ма?

- Салып тұрамыз. Лампочкаларды осыған саламыз. Капроновый пластмассаларды сарыға саламыз.

- Осыны тазалап жатқанын көрген жоқпын. Мұнда тұрып жатқаныма біраз болды. Бірақ бір де бір  техниканы байқамадым. 

Әрбір жәшіктің қабырғасында жауапты мекеменің телефон нөмірі жазулы тұр. Хабарласып едік, мынандай жауап алдық. 

Ал әкімдікке мәселенің мән-жайын айтып едік,  кемшілікті бір сағатта ретке келтіретінін жеткізді. Жалпы, елордада мұндай жәшіктер 2013 жылдан бастап орнатыла бастады. Бүгінгі күні оның саны 5 жүзден асады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 20 млн теңге бөлінген. Оған қызмет көрсету құны қосылады. Нақты қанша қаржы жұмсалатынын жауапты мекеме жария етпеді. 

Жанар Бескемпірова, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану  басқармасы басшысының орынбасары:

- Контейнерлердегі заттар күн сайын шығарылып отырады. Көпшілік тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ. 

Әкімдік қызметкерлері тілшілер ескертуін ескерусіз қалдырмады. Бірер сағат ішінде зиянды тұрмыстық қалдықтарды шығарып, атқарылған жұмыстың дәлелі ретінде суретке түсіріп жіберді.

Авторлар: Шыңғыс Қалиден, Аян Сәрсенбаев

Хабар 24 телеарнасы