422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантин: Қарағанды облысына үш санитарлық бекет қойылды

  • 197
  • UPD: 14:58, 04.11.2020

Қарағанды облысына тағы 3 бірдей санитарлық бекет қойылды. Енді онда өткізу талаптары күшейтілмек. Себебі аталған пунктер COVID-19 өршіп тұрған өңірлермен шекаралас аймақтарға қойылған.

- Ал осы бекеттер арқылы өтушілерде ПТР сынамасының анықтамасы болуы керек деген ақпарат тарап еді, бұл қаншалықты рас?!

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Қарағанды облысында әзірге эпидахуал тұрақты. Соңғы екі апта бойы қатерлі індеттен адам өлімі болған жоқ. Бірақ шекаралас аймақтарда ахуал күн санап күрделеніп барады. Сондықтан бекеттерден өткізу талаптары күшейтілген. 

Қазір біз Қызылорда – Павлодар тас жолының Молодежный кенті маңында тұрмыз. Бүгін түнде қойылған мына бекеттер арқылы өтетіндер енді қатаң бақылаудан өтеді.

Қуаныш Жаныспаев, санитарлық бекеттің кезекші дәрігері:

- Осыған ұқсас тағы 2 бекет бар. Ол  Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылы маңы және Қарқаралы ауданының Кентөбе елді мекені маңында орналасқан. Онда да дәрігерлер кіріп шыққандардың жағдайын жіті сұрастырып өткізеді. Жалпы жолаушыларға аса қажеттілік болмаса жүріс-тұрыстан тыйылуға кеңес берілді. 

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Тағы бір атап өтер жайт, жүк көліктері мен транзиттік транспорттар, дәрігерлер мен арнайы қызмет өкілдерінен өзге облыс шекарасына кірушілер алдын-ала propusk.kz сайтына тіркелуі тиіс. 

- Ал осы бекеттер арқылы өтушілерде ПТР сынамасының анықтамасы болуы керек деген ақпарат тарап еді, бұл қаншалықты рас?! 

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Сөзіңіздің жаны бар, облыстың бас санитарлық дәрігері қаулысында сіз айтып өткен, яғни ПТР сынамасының анықтамасы болуы шарт деген бұйрық болған, алайда күні кеше бұйрыққа толықтырулар енгізіліп, ол пунктті алып тастапты. Оған не себеп болғаны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы