422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында аурухана бөлімшелері карантинге жабылды

  • 136
  • UPD: 15:43, 04.11.2020
Қостанай облысында аурухана бөлімшелері карантинге жабылды

Қостанай облысындағы Жітіқара аудандық ауруханасының көп бейінді терапевтік және хирургиялық бөлімшелері 19 қарашаға дейін екі апталық карантинге жабылды.

Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Мұндай шешім қабылдауға коронавирус жұқтырған аурухана қызметкерлері мен емделушілер санының артуы себеп. Бір ай ішінде 15 дәрігерден және 3 пациенттен вирус анықталған. Сол себепті қос бөлімшеге уақытша құлып салуға тура келді. Дегенмен емдеу мекемесінің қабылдау, инфекциялық және босандыру бөлімшесі жұмысын жалғастыра береді.

Хабар 24 телеарнасы