425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда коронавирусты екінші қайтара жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді

  • 175
  • UPD: 17:39, 04.11.2020

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын қайталап жұқтырудың дерегі тіркелген. Індетке шалдыққан әйел қазір дертінен сауығыпты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова мәлім етті.

Айтуынша, науқас вирусты сәуірдің басында жұқтырып, кейін тамыз айында қайта ауырған. Індет жұқтыруына науқастармен қарым-қатынаста болуы себеп болған дейді мамандар.

Гүлнәр Әбдірахманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы ауырған санының ішінде тек ғана біреуі тіркелді. Ол кісі пандемияның бас кезінде ауырған кісі сосын жазда тағы да қайталап ауырғаны бар.

Хабар 24 телеарнасы