422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында елді мекендердің 57% табиғи газбен қамтылады

  • 125
  • UPD: 18:14, 04.11.2020
Алматы облысында елді мекендердің 57% табиғи газбен қамтылады

Алматы облысында 15 аудан мен қаланың аумағындағы 144 елді мекен көгілдір отынға қосылға, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір газ тарту жұмыстары Талдықорған қаласы мен Балқаш, Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Ескелді аудандарында жүргізіліп жатыр. 2014 жылдан бастап қолға алынған бұл салаға 65 млрд теңге жұмсалыпты. Соның нәтижесінде облысты газбен қамту көрсеткіші 11 проценттен 57 процентке жеткізіледі. Осы жылдың соңына дейін тағы 1 млн 200 мың адам от жағып, күл шығару машақатынан құтылады. Енді облыс орталығынан шалғайда яғни шекаралы аймақта жатқан аудандарға табиғи газ тартылмақ.  

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

– Бүгінгі күні газдандыруға қатысты 5 ауданның құжаттары дайындалып жатыр. Соған сәйкес Ақсу, Сарқан, Алакөл, Кеген, Нарынқол аудандарына көгілдір отын жеткізетін боламыз. Сол кезде 300 мың адам табиғи ғаздың игілігін көретін болады.

Баспасөз мәслихатында жол жөндеуге және ауыз су құбырларын тарту үшін құны 17 млрд теңге болатын 110 жоба жүзеге асып жатқаны айтылды. Соның есебінен 90 елді мекеннің тұрғындары таза тіршілік нәрін тұтынатын болады. Жалпы облыстағы ауылдардың 98 проценті орталықтандырылған ауыз суға қосылған. Бұл – республика ең жоғарғы көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы