422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 138 мың гектар жер егістік айналымына енгізіледі

  • 116
  • UPD: 18:13, 04.11.2020
Алматы облысында 138 мың гектар жер егістік айналымына енгізіледі

Сондай-ақ Алматы облысының әкімі халыққа берген есебінде өңірде 138 мың гектар суармалы жерді аймалымға енгізу жоспарланғаны жайлы айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл 20 мың гектар жер егістікке айналса, келер жылы тағы осындай көлемдегі алқапқа алғаш рет дәнді дақыл себілмек. Осы мақсатта өңірде ирригациялық жүйлер жөнделіп жатыр. Сонымен қатар өзен арнасындағы 5 су тоспасы мен бөгеттер қалпына келтіруде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімінің көлемін арттыру жоспарланып отыр деді өңір басшысы. 

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

– Өткен кезеңмен салыстырғанда экспорт көлемі 1,3 есе өсіп, 93 млн долларды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 900 млрд теңгеге жетіп, 2,2 проценттік өсімді көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы