424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар кәсіпкерлік негіздеріне үйретіледі

  • 116
Елордада ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар кәсіпкерлік негіздеріне үйретіледі

Тегін оқу курстарына жіберіліп, қайтарымсыз гранттарға ие болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас қалада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба осыны көздейді. Мақсат – мектеп интернатын тәмәмдаған өрендерді қамқорлықсыз қалдырмау. Қоғамда өз орындарын табуына көмектесу. Қазірдің өзінде жобаға 250-ге жуық бала қатысып, әлеуметтік мәртебесін айқындады. Енді мұқтаждықтарына қарай қолдауға ие болады. Әсіресе, кәсіпкерлік саласына мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні түсіндіріледі.

Бақытжан Жүнісбеков, қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы:

– Бұл жерде өз кәсібімді бастаймын дегендер болса, мемлекет тарапынан қандай тетіктер бар. «Атамекен» және басқа да жобалар бар. Солардың аясында тегін оқыту, тегін шеберлік сыныптарға бару, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар бар, соларды алудың әдістері түсіндіріледі.

Хабар 24 телеарнасы