420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелді

  • 164
  • UPD: 19:29, 04.11.2020
Қарағандыда коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелді

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, мұндай жағдай Қарағандыда анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маусым айында вирус жұқтырған адамнан қазан айында ауру белгілері қайта байқалған. ПТР тест оң нәтиже көрсеткен соң, науқастың ковидпен екінші мәрте ауырғаны ресми түрде расталды. Бұған дейін Маңғыстау облысында вирусты қайта жұқтыру жағдайы анықталған еді. Алайда науқастың алғашқыда ауырғаны жайла ақпарат болмаған соң денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайды ресми түрде қарастырмады.

Хабар 24 телеарнасы