423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында шектеу талаптары күшейді

  • 143
  • UPD: 19:29, 04.11.2020
Қостанай облысында шектеу талаптары күшейді

Қостанай облысында қазіргі карантиндік шектеу талаптарына бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан былай 65 жастан асқан кісілерге көше кезуге тыйым салынады. Дәріхана, дүкен, емдеу мекемелері, қоқыс шығару сияқты аса қажетті жағдайда ғана далаға шығуға рұқсат. Базарлардың жұмысы да қысқартылды. Енді сауда орындары кешкі сағат бесте жабылады. Тұрғындарға топтасып экскурсия, табиғат аясына шығуға болмайды. Ашық аспан астындағы аттракциондар жұмысын жалғастыра береді. Демалыс күндері локдаун режимі сақталып, қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылады. Осы қаулы бүгін түнгі он екіден бастап күшіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы