422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

9 қарашадан бастап Ақмола облысы тұрғындарының жүріп-тұруына шектеу қойылады

  • 136
  • UPD: 19:29, 04.11.2020
9 қарашадан бастап Ақмола облысы тұрғындарының жүріп-тұруына шектеу қойылады

Стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету мекемелерінен өзгелерінде кешкі он бірден таңғы алтыға дейін қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызметкерлердің кемінде 80% қашықтан жұмыс істеуге көшіру тапсырылды. Ал офлайн кеңестер өткізуге тыйым салынады. Алдағы дүйсенбіден бастап діни нысандар, театрлар, кинотеатрлар жабылады. Жұмыс күндері үй-жайлардағы қоғамдық тамақтану орындарында келушілер саны 30-дан аспауы тиіс. Көкшетау-Алматы, Көкшетау-Ақтау бағыттары бойынша әуе рейстері аптасына бір рет жүреді. Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойыздар аптасына 3 рет қатынайды.

Хабар 24 телеарнасы