422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 12 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған

  • 134
  • UPD: 20:32, 04.11.2020

Батыс Қазақстан облысында қатерлі індет балалар арасында тарай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Санитарлық талаптарға салақ қараудың салдарынан оннан аса оқушы вирус жұқтырған. Тұрғындардың той-томалаққа жиі баруы да аурудың өршуіне жол ашып отыр дейді мамандар. Індеттің таралуын тежеу мақсатында құрылған мониторингтік топтар да дәрменсіз.

Эпидемиологиялық жағдайдың мәз еместігі жиі айтылғанымен, той-тоймалақ тиылар емес. Мониторингтік топтар жүргізген тексерулер нәтижесі осыған дәлел. Кейбір мейрамхана иелері нысанды жеке тұлғаға жалға беру арқылы жауапкершіліктен жалтаруға көшкен. Жиын-тойларды жеке коттедждерде өткізетін пысықайлар да жағдайды қиындатып отыр дейді мамандар.  

Аслан Жармұханов, мониторингтік топ жетекшісі:

– Орал қаласы бойынша мониторингтік топтармен 77 шектеу шараларын бұзған фактілер анықталды. Соның ішінде 22-сі – жұмыс кестесін бұзғандар, 53-і жұмыс режимін бұзғандар. Сәйкесінше той өткізгендер.

Қала бойынша мониторингтік топтардың бақылауында тұрған 170-тен астам нысан бар. Алайда, айыппұл салу арқылы той-томалақты тоқтату мүмкін емес. Қажет соманы төлеп тастаған той иелері отырысты әрі қарай жалғастыруды сұрайтыны рас дейді мониторингтік топ мүшелері. Ал мұндай қарым-қатынастан тұрғындардың өздері зардап шегеді. Індетке балалардың шалдығуы да жиілеп барады. Облыста 12 оқушының қатерлі дертті жұқтырған. Қазір аймақтағы денсаулық сақтау нысандары екінші толқынға дайындық жұмыстарын ширата түскен.     

Гүлнәр Әбдірахманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Карантиндік 4 стационар ашылып, соның ішінде 185 төсек-орынға 41 адам қазір жатыр. 333 орынды 6 жұқпалы аурулар ауруханасында 103 адам емделіп толу толу деңгейі – 30 %. Сондай-ақ бізде 26 реанимациялық койкаларымыз болса, соның ішінде 7 адам ем алып жатыр. Өкпе жасанды желдетуде науқасымыз жоқ. 2049 адамға арналған резервтік орындар дайындалды, соның ішінде 1269 жұқпалы, 775 карантиндік.

Сала басшыларының айтуынша, облыстағы емдеу нысандарында 173 өкпені жасанды желдету аппараты мен 506 оттегі концентраторы бар. 10 компьютерлік томограф пен 47 рентген аппараты дайын күйде. Науқастарды қарау мен емдеуге қажетті 9 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін 123 мобильді топ құрылған. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов

Хабар 24 телеарнасы