424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Алматы облысында дайындық жұмыстарына 8,8 млрд теңге бөлінген

  • 210
  • UPD: 20:34, 04.11.2020

Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры әзірленіп, 12 емдеу мекемесі оттегі станциясымен жабдықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 мыңнан аса дәрігер үстемақы алса, мыңнан аса маманға жергілікті бюджет есебінен сыйақы берілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

Алматы облысында індеттің екінші кезеңіне дайындық ретінде 200 орындық инфекциялық аурухана салынған. Мекеме заманауи медициналық құралдармен жабдықталып, дәрігерлер үшін де қолайлы жағдай жасалған. Одан бөлек, емдеу мекемелеріне мыңнан аса оттегі концентраты беріліп, 200 жуық жедел жәрдеп көлігі алынды.

 

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

– Компьютерлік орталық бізге короновирус індетін ерте кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы науқасқа тиісті ем дом тағайындалады. Біз осы жобаны мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырдық. Бұл өлім жітім көрсеткішін азайтуға сеп болады.

Облыс ауыл шаруашылығынан индустриалды өндірістік өңірге айналып келе жатыр. Аймақта 4 мың адамды еңбекпен қамтитын 9 трансұлттық компания ашылады. Бүгінде соның үшеуі өз жұмысын бастаған. Тағы екі серіктестік осы жылдың соңына дейін іске қосылады. 

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

– Алматы облысында 4,2 млн қой-ешкі бар. Бірақ оның етін өңдейтін өндіріс орны жоқ. Осыған орай Іле ауданында етті экспортқа Араб елдеріне шығаратын зауыт салынып жатыр. Сонымен бірге ірі қара етін өңдеп, экспорттайтын кәсіпорынды іске қосу мақсатында жұмыс істеп жатырмыз.

Алдағы бес жылда облыста ауыл шаруашылығына қатысты 25 жобаны жүзеге асыру көзделген. Соның нәтижесінде ет өндірісін 500 мың тоннаға, ал сүт көлемін 900 мың тоннаға дейін жеткізіледі. Қазіргі таңда облыста 26 мың бас ірі қараға арналған 82 ферма жұмыс істеп тұр. Өңірде егістік көлемін ұлғайтуға да басымдық берілген.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

– Өткен кезеңмен салыстырғанда экспорт көлемі 1,3 есе өсіп, 93 млн долларды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 900 млрд теңгеге жетіп, 2,2 проценттік өсімді көрсетті.

Елді мекендерге көгілдір отын жеткізу ісі де өзекті мәселенің бірі. 2014 жылдан бері бұл салаға 65 млрд теңге жұмсалыпты. Соның нәтижесінде 144 ауыл табиғи газға қосылды. Осы жылдың соңына дейін тағы 1 млн 200 мың адам от жағып, күл шығару машақатынан құтылады. Сөйтіп, облыстағы табиғи газбен қамту көреткіші 57 процентке жеткізіледі.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

– Бүгінгі күні газдандыруға қатысты 5 ауданның құжаттары дайындалып жатыр. Соған сәйкес Ақсу, Сарқан, Алакөл, Кеген, Нарынқол аудандарына көгілдір отын жеткізетін боламыз. Сол кезде 300 мың адам табиғи газдың игілігін көретін болады.

Үш ауысымды мектепте өңір үшін көкейкесті проблема болып тұр. Аймақтағы 460 білім ордасында 430 мыңға жуық бала оқиды. Ішкі миграция есебінен оқушылар саны жылына 50 мыңға артады. Осыған байланысты аймақта 23 мектеп жаңадан салынып жатыр. Облыстағы ауылдардың 98 проценті орталықтандырылған ауыз суға қосылған. Бұл республика ең жоғарғы көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы