423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақтелеком» Сынтас ауылындағы интернет мәселесіне қатысты ресми жауап берді

  • 120
«Қазақтелеком» Сынтас ауылындағы интернет мәселесіне қатысты ресми жауап берді

«Қазақтелеком» ұлттық байланыс операторы Павлодар облысының Сынтас ауылындағы интернет мәселесіне қатысты ресми жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келесі жылы елді мекенді тұрақты ғаламтор байланысымен қамту көзделіп отыр.

Бұл туралы компания өкілдері мәлімдеді. Жуырда телеарнамыздың эфирінен ауыл тұрғындарын мазалаған интернет мәселесіне қатысты репортаж көрсетілді. Қазір оқушылар онлайн оқуда қиындық көріп отыр. Себебі ғаламтор байланысының жылдамдығы нашар. Ұлттық оператор мамандарының айтуынша, ауылда кеңжолақты интернет пен телефония бар. Байланыс қызметтері базалық станцияның көмегімен қолжетімді. Бірақ байланыс жылдамдығы нашар.

Луиза Уалканова, Шығыс аймақтық телекоммуникация дирекциясының маманы:

– Жақын маңдағы базалық станция ауылдан 25 шақырымдық жерде орналасқан. Алексеевка ауылында орнатылған. Алыс жатқандықтан, байланыс сигналының сапасы әлсіз болуы мүмкін. Бұл бағыттағы желіні дамыту келесі жылы қолға алынады.

Хабар 24 телеарнасы