423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО тұрғындары ПТР тест анықтамасы болмаса өзге өңірлерге бара алмайды

  • 116
  • UPD: 21:38, 04.11.2020
СҚО тұрғындары ПТР тест анықтамасы болмаса өзге өңірлерге бара алмайды

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ПТР тест анықтамасы болмаса өзге өңірлерге бара алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқа аймақтан келушілерге де осындай қатаң талап қойылады. 9 қарашадан бастап Петропавл қаласы карантинге жабылып, мұнда блок-бекеттер орнатылады. Аймақта қауіпті індет ошағы анықталған 9 елді мекенге қоғамдық көлік қатынасы түбегейлі тоқтайды. Шекарадағы бақылау да күшейтіледі. Соңғы кезде індет жүк тасымалдаушылардан көптеп анықталып жатыр. Жалпы еліміздің солтүстігінде екі айда 500-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Оның 56 процентін Петропавл қаласының тұрғындары құрайды.

Айнаш Сағандықова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

– Коронавирус инфекциясының одан әрі таралмау мақсатында облыстық комиссияның шешімімен 9 қарашадан бастап Петропавл қаласында карантин режимі күшейтіледі. Және ПТР тестілеу шығатын азаматтарға немесе кіретін азаматтарға әуе қатынастарымен және темір жол қатынастарымен қатынайтын адамдарға міндетті түрде болады. ПТР тестің бағалары қазіргі кезде аумақтық комиссия мүшелерімен келісілуде. Негізі қазіргі кезде ол 8 мыңнан басталып 11 мыңның аралығында.

Хабар 24 телеарнасы