425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкент жемқорлықпен қалай күресіп жатыр?

  • 132
  • UPD: 22:42, 04.11.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің өкілдері Шымкент қаласының активімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін қолға алынған бірқатар жоба таныстырылып, атқарылған шаруалар пысықталды.

Арнайы елордадан келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада мен Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы алдымен қала активімен кездесті. Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, қоғамда парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру жайы сөз болды.

Ғанижан Асанұлы, СЖҚІҚ агенттігінің парасаттылық департаменті директоры:

– Бүгінгі күні агенттіктің басым бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, қылмысты қудалау емес, ең алдымен оны болдырмау бойынша шаралар қабылдау. Біршіден, парасаттылық, ашықтық, айқындық, яғни тұтынушыға бағдарлану. Бізде қазақ ұғымында мұны парасаттылық дейді. Яғни барынша елге адал қызмет ету қағидасын дәріптеу.

Мұрат Әйтеновтің төрағалық еткен жиында қала әкімі Елбасы мен Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты тапсырмалар жүктегенін атап өтті. Қоғамға дерт боп жабысқан індетті бірлесіп күрескенде ғана нәтижеге қол жеткізуге болатынын айтты. Сондай-ақ өңір басшысы осы бағыттағы «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының тиімділігіне тоқталды. Бүгінгі күні осы жоба аясында қала мен 4 аудан әкімдігінде сервистік әкімдіктер ашылып, 197 мекеме OpenSpace форматында жұмыс істеп жатыр.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

– Егер болашақта тағы да ұсыныстар болып жатса, қосамыз. Биыл HR процесі, яғни мұғалім мен директордың бәрін жаңа бағдарламамен қабылдап жатырмыз. Оның алдында бізде балабақшаға, мектепке тізімге тұру үшін онлайн арқылы қабылданды. Шымкент қаласында атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін береді деп сенеміз.

Жиын барысында ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі Ырза Тұрсынзада жемқорлықтың алдын алудағы насихаттық жұмыстар оң әсер беретінін атап өтті.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Катерина Папкова, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы