424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да 300-ден астам ветеринар ауылдық үстемеақыдан қағылуы мүмкін

  • 90
  • UPD: 10:44, 05.11.2020

Келер жылы елді мекендерде жұмыс істейтін мамандардың айлығын көтеру үшін 5 млрд теңгеден астам ақша қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл тізімге мал дәрігерлері ілікпей қалған.

Ветеринар Жансерік Басағаринов 5 мың малдың саулығына жауапты. Таңертеңнен кешке дейін жалғыз өзі олардан қан алады, түрлі ауруларға қарсы екпе жасайды. Жуырда қасына көмекші қосылды. Еңбек лайықты бағалана ма деген сұраққа басын шайқап жауап берді.

Жансерік Басағаринов, мал дәрігері:

– Мұндай еңбектің еленбеуінен жастар келгісі, істегісі келмейді. Өзіңіз көріп отырсыз, жұқмыс ауыр. Жалақысы аз.

Өңірде Жансерік секілді 340 маман бар. Орташа жалақылары – 100 мың теңге. Әркімдікі әртүрлі әрине. Ол ауылдағы мал басына байланысты. Биылдан бастап мал дәрігерлері ветеринария басқармасына өтіп, бюджеттік айлықтан да, ауылдық үстеме ақыдан да қағылды. 

Берік Әлжанов, ветеринария басқармасының басшысы:

– Биылғы жылға дейін ветстанциялар аудандық коммуналдық меншікте болған. Биылғы жылдан бастап заңға өзгерістер енгеннен кейін барлық ветстанциялар облыстық коммуналдық меншігіне ауысты. Соның салдарынан ветеринар мамандарға ауылды жерлерде нақты жұмыс істеп жатқандарға тікелей ветеринарлық мамандарға жалақысына бюджеттен қаражат бөлінбейді. Ол заңмен қарастырылмаған.

Келер жылы Солтүстік Қазақстан облысында ауылда жұмыс істейтін мамандардың айлығын 25 процентке көтеру үшін 5 млрд теңгеден астам ақша салынады. Бұл үстеме ақыны денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, орман шаруашылығы, табиғатты қорғау салаларының қызметкерлері алады.

Әлия Айкенова, қаржы басқармасы басшысының орынбасары:

– Жұмысшылар тізімі тұрақты. Оны жергілікті билік өкілдері мен мәслихат депутаттары бірлесе бекітеді. Егер олардан нақты ұсыныс болса, біз міндетті түрде қарастырамыз. Әдетте, тізім бір.

Қазір бұл сұрақты облыстық мәслихат депутаттары қарастырып жатыр. 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік жобаға ветеринарлар кіре ма, жоқ па ол жағы белгісіз.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы