423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада балалар қауіпсіздігіне арналған мобильді қосымша іске қосылады

  • 111
Елордада балалар қауіпсіздігіне арналған мобильді қосымша іске қосылады

Елордада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Мені тап» атты құрылғы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Bluetooth арқылы жұмыс істейді. Оны балалардың сөмкесіне немесе киіміне жабыстырып қоюға болады. Жеткіншек ата-анасынан немесе үйінен 10 метр алыстаса, электронды құрылғы автоматты түрде дабыл қағады. Құны – шашамен 2500 теңге. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтты. Сонымен қатар халық көп шоғырланған жерлерге «Дабыл тетігі» орнатылады. Азаматтар қауіп төнген жағдайда батырманы басса, сол мезетте полиция қызметкерлері оқиға орнына жетуге тырысады.

Сәкен Сәрсенов, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары:

– Бұл құрылғылар қазір Қазақстан бойынша қалаларда орнатылады. Саябақтарда, мектептерде орнатылады. Мысалы, кейбір азаматтар телефон болмаған жағдайда құрылғы арқылы полициямен хабарласуға мүмкіндігі бар. Батырма басылған кезде жедел кезекшісінің оқиға орнынан аудио және бейнеақпаратты бере отырып, шұғыл байланысы үшін орнатуға болады.

Хабар 24 телеарнасы