422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды қаласындағы жол тағы бір айға шегерілді

  • 146
  • UPD: 09:42, 05.11.2020
Қарағанды қаласындағы жол тағы бір айға шегерілді

Қарағанды қаласының Майқұдық ауданындағы жолды тапсыру мерзімі тағы бір айға шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар әкімі қазан айының соңына таман жолдың бір бөлігін пайдалануға береміз деп әлеуметтік желіде жұрттан сүйінші сұраған еді. Бірақ қуаныш ұзаққа бармады. Айтуларынша, ауа райының қолайсыздығынан жұмыс ақсаған. Сондықтан көлік жүргізушілеріне әлі 20 күн күтуге тура келеді. Айта кетейік, Майқұдық ауданын кесіп өтетін күре жолдың әбден тозығы жеткен соң күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Жоба екі жылға жоспарланған. Бірақ биыл 6 жолақты жолдың тең жартысы тапсырылуы керек болатын.

Нұржан Тасмағанбетов, қалалық Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Қазір жол белгілерін орнатып жатырмыз. Егер онсыз ашып жіберетін болсақ, жол апаттары көбеюі мүмкін. Бұл – үлкен жоба. Жол белгілеріне қажетті қаржы енді ғана бөлінді. Қарашаның соңына қарай жолдың бір бөлігін ашамыз деген жоспарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы