423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға тегін оқу курстары ұйымдастырылады

  • 110
  • UPD: 09:43, 05.11.2020
Елордада ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға тегін оқу курстары ұйымдастырылады

Елордада жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар кәсіпкерлік негіздеріне үйретіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тегін оқу курстарына жіберіліп, қайтарымсыз гранттарға ие болады. Бас қалада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба осыны көздейді. Мақсат: мектеп-интернатты тәмамдаған өрендерді қамқорлықсыз қалдырмау, қоғамда өз орындарын табуына көмектесу. Қазірдің өзінде жобаға 250-ге жуық бала қатысып, әлеуметтік мәртебесін айқындады. Енді мұқтаждықтарына қарай қолдауға ие болады. Әсіресе кәсіпкерлік саласына мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні түсіндіріледі.

Бақытжан Жүнісбеков, қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы:

– Бұл жерде өз кәсібімді бастаймын дегендер болса, мемлекет тарапынан берілген тетіктер бар. «Атамекен» ҰКП-нің «Бастау» бағдарламасы сияқты бағдарламалар ұсынылған. Солардың аясында тегін оқыту, тегін шеберлік сыныптарға бару, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар алу және оларға қол жеткізу әдістері түсіндіріледі.

Хабар 24 телеарнасы