425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

35 қазақстандық елге ПТР-анықтамасыз оралған

  • 87
35 қазақстандық елге ПТР-анықтамасыз оралған

Тағы 35 отандасымыз шетелден ПТР тест анықтамасыз оралған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – негізінен елордаға келген жолаушылар. Қазір барлығы карантиндік стационарға орналастырылды. Енді олардан сараптама алынады. Өткен түні елімізге 8 халықаралық рейс ұшып келді. 1000-ға тарта адам Түркия, БАӘ, Ресей және Германиядан оралған. Бұған дейін құзырлы ведомство 6 қазаннан бері елге 60 мың адам халықаралық рейспен ұшып келгенін хабарлады. Оның 9 мыңы тиісті сынама тапсырмаған. 41 қазақстандықтан COVID-19 анықталған. Ал автокөліктік өткізу бекеті арқылы індет жұқтырған 122 тұрғын соңғы аптада мемлекеттік шекараны кесіп өтті.

Хабар 24 телеарнасы