420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жеткіншектер сабақ оқу үшін желі іздеп жүр

  • 105
  • UPD: 15:42, 05.11.2020
Түркістан облысында жеткіншектер сабақ оқу үшін желі іздеп жүр

Түркістан облысында әлі де интернет желісі тартылмаған ауылдар баршылық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарыағаш ауданының өзінде 5 елді мекеннің тұрғындары байланыс аясынан тыс жерде өмір сүруде. Кей ауылдарға ғаламтор сапасыз жүргізілгендіктен, оқу-білімге қатысты сайттар жүктелмейді. Соның кесірінен оқушылардың онлайн сабақ оқуы қиынға соғып отыр. Мәселен, Жылы су ауылында студенттер мен мектеп оқушылары бар уақытын ғаламтор ұстайтын жерді іздеумен өткізеді. Ноутбук пен телефон ұстаған өрендер үйлерінен алыстап, жырақтағы жол бойына шығып, сонда бірнеше сағаттап отыруға мәжбүр.

Нағима Бекбаева, Жылы су ауылының тұрғыны:

– Менің өзімде 3 балам бар. Үшеуі де мектеп жасында болғандықтан, барлығы бір телефонға қарап отыр. Телефон ұстамайды. Оқытушы тапсырманы орындамасаңдар, тоқсандық баға шықпайды дейді. Қайдан шығарамыз? Интернет үшін мына жерге келеміз.Түнде 3 баламен осылай жүремін. Оқығылары келеді.

Смаил Тасқұлов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары:

– Бізде Өзбекстанмен шекаралас 5 елді мекенде интернет жұмыс істемейді. Оның үшеуі шалғай, екеуі шекаралас ауылда орналасқан. Сол жерге біз антенна қойып жатырмыз. Осы бір айдың төңірегінде интернет ұстайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы