425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында 85 браконьер ұсталды

  • 159
Маңғыстау облысында 85 браконьер ұсталды

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде бір айдың ішінде 85 браконьер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заңсыз балық аулаушылар Қазақстан-Ресей шекарашыларының бірлескен жедел шарасы аясында қолға түсті. Бір айлық операцияға екі елдің жауынгерлік кемелері, тікұшақтары мен жағалаудағы шекарашылар жұмылдырылды. Каспийдің солтүстігіндегі күрделі гидрометеорологиялық жағдайға қарамастан, шекарашылар кемесінің екінші дивизионы 66 рет ашық теңізге шығып, 201 тәулік бойы жауынгерлік қызметте жүрді. Браконьерлерге қарсы шабуылдың нәтижесінде ұсталған бекіре балықтары мен итбалықтар суға жіберілді. Осылайша шекарашылар мемлекетке келетін 2 млрд теңге шығынның алдын алды.

Данияр Малшыбаев, Маңғыстау облысы бойынша Шекарашылар қызметі департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған 85 адам ұсталды. Барлығы – ел азаматтары. 190 мың метрдей балық аулауға тыйым салынған құралдар судан шығарылып, тәркіленді. Теңізге 5 мыңдай бекіре және басқа да балық түрлері мен 19 итбалық жіберілді. Заң бұзғандарға 1 млн 700 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы