422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы карантинге жабылады

  • 86
  • UPD: 18:17, 05.11.2020

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы карантинге жабылады. Шектеу шараларына қатысты қаулы 9 қараша күні күшіне енеді.

Яғни келесі дүйсенбіден бастап аталған елді мекендерге блок–бекеттер қойылып, кіріп шығуға тыйым салынады. Ауыларалық автобустар жүрмейді. Тұрғындарға тек анықтама бойынша жұмысқа барып келуге рұқсат беріледі. Сонымен қатар жол жөндеушілер, апаттық қызмет мамандары мен бірінші кезектегі тауар тасымалдаушыларына өтуге болады. 

Татьяна Горлова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін БД басшысының орынбасары:

- Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында спорттық және мәдени шараларды өткізуге, тұрғын үйлерді отырыс үшін жалға беруге, көңіл көтеру орындарының жұмыс істеуіне тыйым салынады. Діни және мәдени нысандар жабылады. Ірі сауда ойын-сауық кешендеріне де шектеу қойылады.

Хабар 24 телеарнасы