424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық күзетілетін тұрақтан көлік ұрлаған

  • 87
  • UPD: 17:01, 05.11.2020
Қарағандылық күзетілетін тұрақтан көлік ұрлаған newtimes.kz

2 қарашада Қарағанды қаласы Михайлов полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны хабарласып, оған тиесілі 2 млн 300 мың теңге тұратын автомобильді белгісіз біреудің ұрлап әкеткені туралы арызданды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушінің көлігі күзетілетін, бірақ дабыл белгілері жоқ тұрақта тұрған. Ұрлық жасалған сәт тұрақ маңайындағы бейнебақылау камераларына түскен.

4 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы азаматты ұстады. Қаскүнем кінәсін мойындады. Темір тұлпар иесіне қайтарылды.

Хабар 24 телеарнасы