425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында барыс фототұзаққа түсті

  • 149
  • UPD: 00:54, 06.11.2020

«Алтын Емел» ұлттық паркіндегі фотоаппарат нысанасына тағы бір қар барысы түсті. Бұл түз тағысының осы табиғи паркте екінші рет фототұзаққа түсуі.

Бұған дейін қыркүйек айындағы суреті жарияланған еді. Соңғы бейнетаспадан бейқам жүрген жыртқышты анық байқауға болады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерінің айтуынша, енді мұнда екі қар барысы бар деп анық айтуға болады. Елімізде Қызыл кітапқа енген Қар барысының саны 120-130 шамасында болса, әлемде 7 мыңнан аспайды. Барыстан бөлек басқа да сирек кездесетін Тянь-Шань аюы, Түркістан мысығы, Тянь-Шань арқары, тас сусар, манул жануарларын зерттеу үшін жаңа ғылыми-зерттеу жұмысы басталды. Ұлттық парктің жануарлар популяциясының жағдайын бақылау ғылыми бағдарламасы да қолға алынды.

Хабар 24 телеарнасы