422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында карантинге қарамастан он тоғыз той өткізілген

  • 180
  • UPD: 21:47, 05.11.2020

Соңғы күндері Қызылорда облысында шектеулерге қарамастан 19 үйлену тойын жасау дерегі анықталды.

Салтанатты шаралардың 17-сі жеке үй ауласында, ал екеуі мейрамханада ұйымдастырылған. Думанды кеш өткізген жеке тұлғалар енді 800 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Биылғы жылдың 5 шілдесінен бері өңірдегі 24 мониторингтік топ 3 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізді. Нәтижесінде 804 карантин талаптарын бұзу дерегі тіркеліп, 40 миллион теңгедей айыппұл өндірілді. Шектеулерге шекеден қарайтындардың көбі ауласында дүркіретіп той жасайтындар екен.

Сауда орталықтары мен дәмхана, кафелер де санитарлық ережелерді қатаң сақтауға құлықсыздық танытқан. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кәсіпкерлік нысандарының қызметі ұдайы бақылауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы