420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда «Парасатты отбасы» облыстық байқауы мәресіне жетті

  • 130
  • UPD: 21:42, 05.11.2020

Таразда «Жамбыл адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылған «Парасатты отбасы» облыстық байқауы мәресіне жетті. Биыл дәстүрлі шараға қатысуға аймақ бойынша 10 мыңға жуық отбасы ниет білдірген. Игі шара қоғамда отбасы құндылықтарын дәріптеп, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталып отыр. Бүгін осы сайыста бақ сынап, жеңімпаз атанған отбасылар марапатталды.

Биыл «Парасатты отбасы» байқауына қатысушылар саны ерекше көп болды. Шара тұрғындар тарапынан қызу қолдау тапқан. 5 айға жуық уақытқа созылған шараға аудан, қала, ауылдардан 400-ден астам отбасы қатысып, үздік деп танылған 144-і облыстық деңгейге жолдама алған болатын. Олар 11 номинация бойынша сайысқа түсіп, бүгін үздік деген 19 жоба анықталды. 

Зарина Қуаттегі, қала тұрғыны:

- Бұл конкурстың берері көп. Расында конкурстың түрі көп қой. Біз осы байқауға дайындалу барысында іздендік. Бала да, өізіміз де іздендік. Жалпы алдағы уақытта жалғасын табу керек деп есептеймін. Отбасылық институтының қалыптасуына өте керекті жоба. 

Сайысқа әртүрлі салада қызмет ететін өнегелі азаматтардың отбасылары түскен. Оған толықтай отбасы мүшелері атсалысты. Олардың әрқайсысы өз ерекшеліктеріне қарай қатысты. Басты идея отбасылық құндылықты насихаттап, қоғамды парасаттылыққа бағыттауға негізделген.  

Талғат Мамаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Отбасы ішіндегі қарым-қатынастарды бауырмашылық, қайырымдылық, достық деген қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Негізінде осы байқауымыз екінші жыл өтіп жатыр. Жылдан жылға қатысушы отбасылар көбейіп жатыр.  

Алдағы уақытта жеңімпаз отбасылар қалыптасқан тәжірибесін тұрғындарға айтып, құндылықтармен бөлісетін болады. Бұл бастаманың өзектілігі мен маңыздылығын қоғам өкілдері мойындап отыр. Байқаудың ауқымы да жыл санап ұлғайып барады. 

Авторлар: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы