424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жылы су ауылындағы интернеттің азабы: «Қазақтелеком» жауап берді

  • 117
  • UPD: 22:55, 05.11.2020

Жылы су ауылының ғаламторлық жүйесін тексеріп көрген «Қазақтелеком» компаниясы аудандық бөлімшесінің мамандары интернет жылдамдығын арттыру қолдан келмейтінін жеткізді.

Автоматты телефон станциясы болмағандықтан арнайы желі тартудың да қисыны келмейтін көрінеді. Мәселе тек ұялы байланыс операторлары арқылы шешілмек. 

Әбдірасул Тіленшиев, «Қазақтелеком» АҚ Сарыағаш ауданы бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету бас маманы:

- Жылы су елді мекенінде 2G ұялы стандартының сигналы бар екенін көрсетті. Компания 3G стандартындағы базалық станцияны орнату мәселесін оң қарастырғанын атап өтпекпіз. Алайда жабдықты орнатудың нақты мерзімдері белгісіз деген жауап келді бізге. Дәл осындай жағдай Жылы судан басқа да Сарыағаш ауданында көптеген елді мекендерде бар.

Хабар 24 телеарнасы