425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда бірқатар тұрғын үйдің ауласына көлікпен кіру мүмкін болмай қалды

  • 113
  • UPD: 22:37, 05.11.2020

Петропавлда бірнеше үйдің тұрғындары көліктерін басқа аумаққа қойюға мәжбүр. Себебі бір шақырымдай жерге жаңа асфальт төселіп, үйлерге кіреберіс жолдар жабылып қалған. Енді халық жедел жәрдем көлігін де шақырта алмай қаламыз ба дейді.

Бұл Крепостная көшесі. Береке ықшам ауданын орталықпен байланыстырады. Көп жылдар бойына жөндеу көрмеген. Тек биыл ғана бұл учаскеге жаңадан асфальт төселді. Салдарынан халық өз үйлеріне кіру үшін енді айналма жолмен қатынауға мәжбүр. 

Валентина Попивняк, қала тұрғыны:

- Үйлерімізге кіреберіс жол жоқ. Тротуар төсеп, бордюр қойып тастады. Оның үстіне міне жасыл желек егіп жатыр. Көліктерімізді ауламызға қалай қоямыз сонда? Жолды жөндей бастағанда төбеміз көкке жеткен еді. Қазір қуанышымыз су сепкендей басылды.

Бұл учаскеде 6 үй бар. Барлығы да көп пәтерлі. Халық жедел жәрдем көлігін шақырта алмай қаламыз ба деп дабыл қағуда. Ал мұнда тұратындардың көбі зейнет жасындағылар. 

Людмила Хухлова,  қала тұрғыны:

- Әкімдіктегілер үш жыл бұрын біздің үйлеріміз бұзылады деген. Қазір жоспар өзгеріп кетіпті. Бізді көшірмесе, неге жағдай жасамайды? Сол жолды өзіміз жасап алуға дайынбыз. Тек әкімдік рұқсат бермей отыр.

Тұрғындар бұл мәселені жаз айларынан бері бірнеше рет көтерген. Жауапты мамандардың атына жазбаша қалдырған хатта есеп жоқ. 

Дулат Шәріпов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Жобалық-сметалық құжатта кіре беріс жолдарын салу қарастырылмаған. Мемлекеттік сараптамада да солай бектілді. Себебі ол жердегі баспаналар сүрілуі керек болатын. Енді қазір жобаны өзгертетін боламыз.  

Жобаға өзгерту енгізілген соң, қалалық әкімдіктегілер уақытша кіреберіс жолдарды салып беруді жоспарлап отыр. Қалпына келтіру жұмыстары жақын күндері басталатын болады. 

Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы