423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семей кәсіпкерлері бизнеске қатысты карантин талаптарын жеңілдетуді сұрады

  • 138
  • UPD: 23:50, 05.11.2020

Семейлік кәсіпкерлер бизнес саласына қатысты карантин талаптарын жеңілдетуді сұрайды. Олар бөлшек сауда нысандары мен дәмхана, мейрамхана сынды қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне қойылған шектеулер алыну керек деп санайды. Шағын және орта бизнес өкілдерінің ұсынысын облыстың бас санитарлық дәрігері тыңдап, тараптар пікір алмасты.

Карантин шектеулері семейлік кәсіпкерлерді тығырыққа тірей бастаған. Көпшілігі шығынға ұшырағандарын айтып, шырылдап жүр. Табыстары азайып қол астындағы жұмысшыларына еңбекақы төлеуге шамалары келмей жатқандар қала әкімдігіне келіп шағымданды. Өтініштерін шаһар әкімі мен облыстың бас санитарлық дәрігеріне айтып, қолдауға мұқтаж екендерін жеткізді. Олар дүкендердің демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілсе дейді. 

- Это основные дни для некоторых магазинов, которые приносят доход. Суббота, воскресенье.

Белсенді топ кәсіпкерлік нысандардан қысқартылған жұмыс режімі алынып тасталса деген ойда. Бас санитарлық дәрігер жиналған азаматтардың пікірлерін бөлмей тыңдап, ашық әңгіме жүргізді.

Айдар Садырбаев, қала әкімінің орынбасары:

- Кездесу барысында бастамашыл топ өкілдері өздерінің мұң-мұқтажын, ойларын, тілектерін қағазға түсіріп жан-жақты талқыға салды. Санитарлық дәрігерлер тарапынан қазіргі таңда жұмысқа алынды. 

Семейде ірі сауда орындары мен қоғамдық тамақтандыру орындарын ашып, шаруасын дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлер көп. Сондықтан оларға карантин талаптарының қаншалықты қолбайлау болып тұрғанын жақсы түсінеміз дейді жауапты мамандар. Бірақ облыстағы эпидахуалды ескермеуге болмайды.«Қызыл аймаққа» енуі де тегін емес. 

Талғат Тұңғышбаев, облыстың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері м.а.:

- Кәсіпкерлердің жағдайын түсінеміз, біз облыс бойынша барлық шараларды қолданып жатырмыз. қызыл зонадан, жасыл зонадан өтуге, сондықтан жағдай жақын арада өзгеретін болар деп есептейміз, жағдайдың жақсаруы әбден мүмкін, жақын арада. Одан кейін қарастырамыз жеңілдету жағдайын. 

Тек жағдай тұрақталса ғана ұсыныс-пікірлер  ескеріледі. Әзірге соңғы тәуліктің өзінде облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 222 жағдай тіркелді. Бұл елдегі көрсеткіштің тең жартысына жуығын құрайды.

Авторлар: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы