423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысына індетпен күресу үшін медуниверситеттердің түлектері барды

  • 277
  • UPD: 23:03, 05.11.2020
Павлодар облысына індетпен күресу үшін медуниверситеттердің түлектері барды

Ертіс өңірінде індетпен күресетін дәрігерлердің резерві жасақталды. Бұл іске 600-ге жуық маман тартылады.

Бүгінгі күні аймаққа 157 жас маман келді. Басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Семей қалаларындағы медициналық университеттерінің түлектері. Жалпы Павлодар облысында соңғы тәулікте 50 тұрғын коронавирус  жұқтырды. Оның 16-сында  ауру белгілері байқалмаған. Эпидемиологиялық жағдай қиындай бастағандықтан облыстағы медициналық мекемелердің дайындығы пысықталды. Бекітілген жоспарға сәйкес науқастарды қабылдайтын госпитальдерде төсек-орын қоры 840-тан 5 мыңға көбейтілді. Әзірге жаңадан ашылған модульді госпитальде 100-ге жуық адам емделіп жатыр. Ауырған тұрғындарға көмектесу үшін мобильді бригадалардың жұмысы ұйымдастырылды. 

Сәуле Ескендірова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күні 15 медициналық маман коронавирус инфекциясын жұқтырған. Басым бөлігінде ауру белгілері жоқ. Эпидемиологиялық зерттеу нәтижесінде үш дәрігердің жұмыс орнында инфекция жұқтырғаны анықталды. Мамандардың ауырып қалмауы үшін сақтық шаралары күшейтілді. Олардың бәрі жеке қорғаныс құралдарымен қамтылды.

Хабар 24 телеарнасы