422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда әуежайында «смарт шлем» қолданыла бастады

  • 112
  • UPD: 12:12, 06.11.2020

Оның көмегімен жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Әзірге тек сынақ түрінде жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекше термометр коронавируспен күресте қаншалықты тиімді?

Назерке Тоқжан, тілші:

– Әуежай ішінде қара каска киіп, әрі-бері жүрген қызметкерге көпшілік таңырқай қарағаны рас. Кім және не үшін киінген?

Сөйтсек, көптің көңілін күпті еткен ақылды шлем анадайдан-ақ адамның дене қызуын анықтап тұрады екен. Әсіресе, бүгінгідей елде індет дендеген кезде оның көмегі көп дейді жоба авторлары. Теңдессіз саналатын смарт технология Қытайда құрастырылған. Бірақ бағдарламалық жиынтығын жасауда қазақстандық мамандардың еңбегі бар көрінеді.

Ерекше термометрдің бағасы туралы ақпаратты компания өкілі ашып айтпады. Айтпаса да түсінікті. Оның үстіне біреуі жұмырымызға жұқ болмас дейді қызметкерлер. Жалпы стратегиялық нысанда онсыз да кірген-шыққан кісінің дене қызуы бақыланады. Қолданыстағы сегіз тепловизордың жұмысы сенімді. Әзірге сыр бермеген.

Ерекше термометр әзірге тек Нұр-Сұлтан әуежайында сыналып жатыр. Егер сәтті өтсе, адам аяғы көп өзге аумақтарда қолданылмақ. Алайда уақыт өте елде жағдай тұрақталар, індет іргесін аулақ салар. Сонда бұл «ақылды» бас киімнің ақыры қалай аяқталар? Бізді мазалағаны – осы сауал. 

Авторлары: Назерке Тоқжан, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы