422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда сақтандырылмаған Ресей көліктері көбейген

  • 134
  • UPD: 09:06, 06.11.2020
Атырауда сақтандырылмаған Ресей көліктері көбейген

Елімізде тіркеуге қойылмай, сондай-ақ сақтандыру полисін алмаған көлік жүргізушілері жол ережесін жиі бұзып қана қоймайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар айыптан жалтарады. Сақтандыру полисі жоқ темір тұлпар тізгіндегендерді жазаға тарту мүмкін болмай отыр. Бейнекамераға түскенімен, көлік иесіне айыппұл салынбай қалады. Сақтандырылмаған көліктердің мекенжайы да белгісіз. Сол себепті оларға жол ережесін бұзғаны туралы хаттаманы жолдау мүмкін емес. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел профилактикалық іс-шара барысында 1 күнде айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 15-ке жуық Ресей көлігі айып тұрағына апарылды.

Гүлназира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Тексеру барысында олардың біріне 34 рет жылдамдығын асырғаны үшін 500 мың теңге айыппұл салынғаны анықталды. Көлік иелеріне ӘҚБтК 230 бабымен хаттамалар жасақталып, автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Қазір айып тұрағына апарылған көліктердің иелерінен айыппұл өндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы